Среда, 08.05.2024, 17:40
Приветствую Вас Гость | RSS

Общественное объединение

Категории раздела
Мои статьи [3]
Размещение мнений [0]
Личные статьи [3]
курсовые, семестровые, рефераты
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Форма входа

Каталог статей

Главная » Статьи » Личные статьи

Макиавелли және Макиавеллизм
1 КІРІСПЕ
«Адамдар жөнінде, жалпы алғанда, мынаны айтуға болады. Олар рахымсыз және тұрақсыз, алдау мен екіжүзділікке жақын, қайсыбір төнген қауіптен қашады, оңай олжаға жүгіреді».
Н.Макиавелли

Никколо Макиавеллидің әкесі - Бернардо Макиавелли мен анасы - Бартоломея ди Стефано Нелли әйгілі байырғы тектерге жатады, олардың өкілдері Италияға, әсіресе Флоренцияға ондаған әскери қолбасшыларды, үкіметтердің басшыларьш, діни кайраткерлерді берген. Оның әкесі заңгер болды және, сірә, осының арқасында да Макиавелли балалық шағынан заңтанудың негіздерімен танысу мүмкіндігіне ие болса керек.
Макиавелли ізгілікшілдік бағытын ғимараттың есігінде ілінген Дантенің бюсті бейнелеген Флоренцияның жекеше мектептерінде және қала мектебінде оқыды. Бала Паголо Рончильоне мектебінде латын тілін жаксы меңгерді. Қаражаттың тапшылығьшан отбасы оның одан әрі университетте білім алуын камтамасыз ете алмаса да, өздігшен білімге құштарлығы, атап айтканда - латын авторларын тұрақты үйренуі арқасында Макиавелли біркатар ғылымдарды кеңінен танып, өз дәуірінің аса білімді адамы деп есептелді.
29 жасында, 1498 жылдың мамыр айында белгілі діни реформаты Д. Савонароланы (1452-1498) өлім жазасына кескеннен кейін, Макиавелли Флоренция республикасы кеңсесінің ішкі істерін жүргізуші екінші хатшысы болып тағайындалады. Макиавелли 14 жылға жуық аткарған қазметіне қайта сайлану аркылы Флоренция республикасы үкіметінің мемлекеттік хатшысы міндетін орындады. Ол көптеген дипломатиялық сапарларда болды, олардың барысында қандай да бір себептермен ресми елшілерге тапсыру ыңғайсыз болатын тапсырмаларды орынздады, саяси шараларды, әскери науқандарды ұйымдастыру мен жүзеге асыруға катысты, осы кезеңдегі көрнекті саяси қайраткерлермен таныс болды, әр түрлі елдердің және Италияның карым-қатынасын үзген, бытырап кеткен калалар-мемлекеттер патшаларьш тікелей байқап, олармен аралас-құралас болу тәжірибесіне ие болды. Жұмыс істеген осы жылдар ішінде Макиавелли мыңдаған хаттар жазысып, жазбалар алысып, заңдар мен үкімет өкімдерінің жобаларын өзірледі. Макиавелли атқарған кызметтер аса қауырт күш-жігер жұмсауды кажет етті, бірақ мейлінше табысты кызметтер катарына жата да қоймады.
Макиавелли саясат мәселелерінде сұңғыла саясаткер, талантты стратег әрі тактик ретінде кейіннен мемлекет басшысына едәуір ықпалы болып, оның тұрақты кеңесшісі және ондаған жылдар бойы оның оң қолы болып қала берді. Макиавеллидің осы ерекше жағдайы оның жауапкершілігін арттырып, мемлекет қызметінің теориясы мен төжірибесі мөселелерін мұқият ойлана-толғана шешуге итермеледі.
1512 ж. Флоренция республикасы құлағаннан кейін үкімет, оның ішінде оның хатшысы да ауыстырылып, қуғынға ұшырады. Саяси өмірдің кайнаған ортасында ұзақ уақыт болған адамның белсенді саяси қызметі күрт үзілді. Макиавеллиге кандай да бір мемлекеттік кызметпен айналысуға тыйым салынды, ол бір жыл айдауда болып, ал кардинал Джованни Медичиге (кейіннен X Лев папа болған) қарсы қастандық үшін айыпталып түрмеге қамалды.
Осындай жағдайда Макиавелли мемлекеттік қызметтен мәжбүрлі түрде алшактатылып, еріксізден әдеби қызметті таңдап алады. Әдеттен тыс мінез-кұлыкты, уытты тілді, аса зерек те сындарлы ақылман қуғын көрген канцлер адам тағдыр талайымен бүкіл адамзатпен саясат пен қүқық туралы өзінің данагөй төжірибесімен, ой сарабымен бөлісуіне тура келді. Оның өмірдің әусерлі жұбаныштарының ешкімде де болмаған айрықша қасиеті: орасан зор, ұшқыр, шексіз батыл ойы болды. Макиавеллидщ ақыл ойына қайсыбір сәтте ұтымдылық тән болды, бірақ оның сыни сипаттағы күшіне таң-тамаша қалмасқа болмайтын еді. Макиавеллидің талдау кабілетіне шек болмады, бөріне де терең ой жіберіп, соңғы бастауларына дейін зер сала үңілді. Мәселені оқшаулай отырып шешу және оның иманенттік мәнің ашып көрсету шеберлігі ешкімде болған емес. Оның кейбір қисынды операцияларыньщ батылдығы өзінің замандастарын ғана емес, сонымен бірге ендігі жерде көптеген ғасыр бойы иезуит-тердің ашуызасын келтіріп, мораль айтушыларды азапка салды және буржуазиялық ғалымдардың жүйкесін тоздырды. 
МАКИАВЕЛЛИ ЖӘНЕ САЯСАТ ТУРАЛЫ ЖАҢА ҒЫЛЫМ. САЯСАТТЫҢ МОРАЛЬДАН БӨЛІНУ
Макиавелли өзінің саясат туралы пайымдауларында қоғамдық пікірдің, коғамдық сананың таптаурындарының, апологетиканың саяси дәстүрлерінің және биліктің мақсаттары мен іс-әрекеттерін бүркемелеудің "гравитациялык өрісінен" шығандай шығып, адамдардың қылықтарын өз атымен атап, олардың алдында тұрған мақсаттарын, олардың көздеген мүдделерін нақты анықтай алды. Макиавеллиді он бес жылдай іс жүзінде саяси енжарлық қызметке Медичидін тартуы тағдырдың қаруы болды - тарих үшін Макиавеллидің, әлбетте, әдеби шығармалары, теориялық қорытындылары мен көкірек-көзінің оянуы аса маңызды болды. Саяси енжарлығы мен әдеби белсенділнінің осы жылдарында ол "Патша" (1513 ж.), "Тит Ливийдің бірінпгі онкүндігіне арналған пайымдаулары" (1513-1516 жж.), "Мандрагора" комедиясы (1518 ж.) "Соғыс өнері туралы" ғақлиясы (1519-1520 жж.), "Флоренция тарихы" шығармасы (1520 ж. бастап) сияқты және баска да бірқатар шығармаларын жазды.
Адам мәселесін Н.Макиавелли діни көзқарастан айырып, толығынан табиғаттың туындысы ретінде шешеді. Адам өзінің жаратылысы бойынша өзімшіл келеді. Шамасы, мұндай көзқарасқа келуге алғашқы капиталдың қорлануы, басы бос ерікті адамдардың «өзім дегенде түйедей күшім бар» деген сиякты іс-әрекеттері себеп болса керек. Сол кездегі экономика саласындағы ең белсенді топ – саудагерлер мен қолөнершілердің өмір салтын мүқият қарап, Н.Макиавелли адамның іс-әрекетінің ең терең түрткісі - ол оның мүддесі деген тұжырымға келеді. Адамдардың мүдделерінің көптүрлілігіне қарамастан, оның негізгісі – өзінің меншігін сақтау, және оны өсіруге, көбейтуге тырысу. «Патша» деген еңбегінде Н.Макиавелли «Адамдар меншігінен айырылғаннан гөрі, әкесін өлтіргенді кешіруі мүмкін», - дейді. «Меншік жөніндегі мүддеден кейін ғана абырой және сый-сияпат келеді», - дейді ұлы ойшыл.
Адам табиғатының өшпес өзімшілдігі қажетті түрде мемлекеттік үйымдардың пайда болуына әкеледі. Тек мемлекеттік күш, билік қана адамдардың өзімшіл іс-әрекетіне тосқауыл қоя алады, өмірдегі тәртіп қалай болуы керектігі жөніндегі қағидалар мен нормаларды тудырады. Сонымен Н.Макиавеллидің ойьшша, мемлекет адамдардың өз іс-әрекеттері арқылы дүниеге келеді, ал Құдайдың оған ешқандай қатысы жоқ.
Н.Макиавеллидің адамға деген көзқарастарының ғажап жері ол тек жеке адамның мүдделерін мойындап қоймай, сонымен қатар адамдардың ортақ мүддесінің негізінде әлеуметтік топқа айналу мүмкіндігін көрсетуінде. Ол Ертедегі Рим тарихын сараптай келіп, ондағы қабылданған заңдардың сипатының ерекшелігі ондағы халық пен басқару топтарының арасындағы күрестерден шығады деген пікірге келеді. Сонымен өзінің әлеуметтік-саяси философиясында, Н.Макиавелли Құдайдың керектігін қажет етпейді, бәрі де адамның табиғаты мен тәлім-тәрбиесінен шығады. Оның ойынша, христиан діні алғашқы қалыптасқан идеалдардан анағұрлым алшақтап кетті. Католик дінінің қызметкерлері Папамен бірге жемқорлық жолына түсіп, халық алдындағы абыройынан жұрдай болды.
Екінші жағынан, христиан дінінің моральдық қағидалары өзінің қасиетті, киелі адамдары ретінде мүсәпірлерді, өмірдің қызығынан бас тартқан адамдарды жұмаққа өзінің батыл іс-әрекеті арқасында емес, өзінің көнбістігінің, зардап-азап шегуінің негізінде барғысы келгендердеп есептейді.
Дегенмен қоғамға дін керек, өйткені езілген, зардап шеккен халық дін арқылы өзіне рухани сүйеніш тауып, өмірдің қиындығына төзе алады, мемлекеттік тәртіп дінсіз мүмкін емес, - деген ащы пікірге келіп тоқталады ұлы ойшыл.
Н.Макиавелли көбіне өзінің саясат жөніндегі толғаныстарымен тарихта қалған. Оның негізгі себебі феодалдық-қауымдық қоғамның ыдырап, оның орнына ерте капиталистік қатынастардың келе бастауы еді. Егер саясат осыған дейін діннің қолдауында болып, моральдық тұрғыдан әрқашан акталып отырса негізінен алғанда «ақсүйектердің ісі» болатын болса, енді жаңа заманда төменгі қабаттардан шығып, аз уақытта сауда-саттық жасау арқылы байып, билікке ұмтылған адамдар пайда болды. Мұндай жағдайда саясат моральдық-діни шеңберден бірте-бірте шығып, өзінше дербес әлеуметтік құбылыс ретінде өзін көрсете бастады.
Н.Макиавеллидің көрегендігі - саясаттың дербес құбылыс ретінде үлкен қоғамды өзгертуші құрал екенін анықтау, оның моральдық құндылықтардан бөлек табиғатын aшy, саяси билік үшін күресін, содан кейін оны ұстап түру әрекетін (қазіргі тілмен айтқанда, саяси технология) жасау болды.
Макиавелли іс жүзіндегі саясат пен саясат теориясын біріктіруге ұмтылыс жасады және оның саясат саласына, саяси оқиғаларды бағалауға қатысты айтқан көптеген идеялары қайсыбір жағдайда әрекет жасау жөніндегі мемлекет басшысына (князге) берген нақты ұсынымдары мен іс жүзіндегі кеңестерінде айтылады.
Князьға мейлінше алдын болжай білетін, бақай есепке жүйрік, кулығын асыратын, бірақ сужүрек ақеүйектер мен неғұрлым қарапайым да сенгіш халықтың әр түрлі көзқарасын салыстыра келіп, Макиавелли ақсүйектер мен халықтың арасында қарамақайшылықтар болған жағдайда баска да бірдей реттерде халықты қолдауға кеңес берді. «Ақсүйектерден гөрі, халық неғұрлым дұрыс мақсаттарды көздейді, өйткені бұлардың алғашқылары халықты қыспақта ұстауға, ал ол қыспаққа түспеуге ниет етеді». «Флоренция тарихында» ол сонымен бірге мынаны атап көрсетті: «халық заң бойынша өмір сүргісі келеді, ал ақсүйек оларға әмірін жүргізуге ұмтылады». Мына мән-жайды да ескеру керек, деп ойлайды ол, аксүйек
саны жағынан аз және князь онсыз да іс-әрекет ете алады, оны әр күні құрып, жоя да алады. Халық – көп және билеуші "еріксіз белгілі бір халықпен әманда өмір сүруге тиіс". Халыктың арқасында мемлекет басшысы болған адам онымен достық қатынастарда болуға тиіс. Бірақ халықтың еркінен тыс билікке келген билеуші, Макиавеллидің ойынша, халықты өзінің қорғауына алып, сол халықтың қолдауына сүйенуге тиіс. «Қорытындысында тек мынаны ғана айта аламын,- деп жазды Макиавелли, - Князь халықпен достасуға қол жеткізуге тиіс; олай болмаған күнде, мәселе колайсыз орайласқан кезде ол қысылтаяң жағдайға тал болады». Билеуші, Макиавеллидің ойынша, азаматтардың әрқашан барлық жағдайда да патшаға мұктаж болуына қамқорлық жасағаны жөн және азаматтар да оған адал болады. 
Мемлекеттік билік және билеушінің қасиеттері туралы Макиавеллидің ілімі
Макиавеллидің саяси теориясының маңызды сәті мемлекетті түсінуге біршама жаңа көзқарас болды. Ол мемлекетті кұбылыс ретінде карастырып, оның мәні нақты өзгермелі нысандарда көрініс табатын қандай да бір нысанға саймайды. Мемлекет (stato), Макиавеллидің ойынша, бұл саяси жағынан ұйымдаскан адам қоғамы, қоғамның белгілі бір жай-күйі. "Мемлекет" термині мен ұғымын айналымға көне заманның ойшылдары - Платон мен Аристотельдің ізашарлары енгізді, сонымен бірге жаңа заманның ойшылдары мемлекет ұғымына жаңа бір қырынан келді,- мемлекетті аса кең көлемде және әмбебап тұрғыда ұғынуы сипатты бола бастады, мүның өзі жаңарған терминологияда да өзінің көрінісін тапты.
Мемлекеттің нысандары туралы пайымдай келіп, Макиавелли көне замандардан бері орныққан және Платонның, Аристотель мен Полибийдің еңбектерінде көрінісін тапқан топтастыруды ұстанды: үш жақсы және олармен өзара байланысты жетілмеген үш нысанды ұстанды. Ол терминологиялық тұрғыда Полибийді барынша костай отырып, дұрыс үш мемлекеттік нысанды - монархияны, аристократия мен демократияны, сондай-ақ жетілмеген, яғни дұрыс емес үш нысанды - зорлык-зомбылыкты, олигархияны және охлократияны бөліп көрсетті, олар тиісінше дұрыс нысандардан өсіп дами алады. Мемлекеттің дұрыс емес нысандары - оның дұрыс нысандарынан ауыткуы: зорлык-зомбылық - бір адамның (монархияның) дұрыс билігінен ауыткуы; олигархия - аздаған бай адамдардың билігі - аздаган адамдардың (аристократияның) дұрыс билігінен ауытқуы; ақыр соңында, көптеген адамдардың, көпшіліктің билігі кезінде - охлократия - тобырлардың билігі демократиядан ауытқу болып табылады. Жақсы мемлекеттік нысандарга қолдау жасау қиынға соғады, олар ұзақ өмір сүре алмайды, бұл тұрғысында олар жетілмегені былай тұрсын, сонымен бірге кауіпті болып табылады.
Макиавеллидің саяси көзқарастарының тағы бір сипатты белгісі - оның релятивизмі (теріске шығарушылығы), қоғамдык өмірді, әр алуан саяси институттарды, мемлекеттік нысандарды салыстырмалы құндылык ретінде қабылдауға ұмтылыс жасауы. Макиавеллидің көзқарасы тұрғысынан, мемлекеттік абсолютті нашар нысанның, - ол мейлі монархия, аристократия, демократия болсын,- болмайтыны сияқты, абсолютті жаксы, кіршіксіз таза мемлекеттік нысан да болмайды. Дүрыс нысандардың бәрі салыстырмалы түрде ғана дұрыс нысандар болады және - қандай да бір өмірлік мән-жайларға, тарихи міндеттер мен жағдайларға, нақты адамдарға, олардың белгілі бір сәйкестігіне, мүдделеріне, мүмкіндіктеріне қатысты жетілген нысандар болады.
Макиавелли көне заман ойшылдарының мемлекеттік нысандардың екінші бір мемлекеттік нысандарына айналуының заңдылыктары көзкарастарын қолдады. Бұл айналудың заңдылык тізбегі оның ұғымында шамамен мынаған саяды. Монархия зорлық-зомбылыққа, катыгез билеушілерге қарсы сөзбайласулар аристрократияның жеңісіне, олигархияда аристократияның біртіндеп дамуы болардьщ билігінің қалыптасуына әкеп соғады. Біртіндеп коғамдағы байлықтың шоғырлануы белгілі бір кезде халыктың наразылығын өріштіп, шегіне жеткізеді, ол олигархтар билігін құлатып, демократияны орнатады. Демократия уақыт өте тобырдың билігіне көшіп, охлократияға айналады, коғам одан құтылудың жолын бір адамның - монархияның тегеурінді күшінен іздеуге ұмтыла бастайды, мүның өзі одан әрі кайтадан зорлық-зомбылықты және т.т.с туғызады.
Қазаң төңкерісінде Ресейде социализмнің орнатыла бастауы, кейін КСРО кезіңде коммунизмді орнату жолында бесжылдықтар сәтті өтпеуі және сол қоғамның шешілмеген мәселелері кеңес халқының социализмнен капитализмге өтуге себеп болды.
Мемлекеттің күші мен тұрақтылығының маңызды факторы - оның билеушісі, билеупгінің қабілеті мен таланты, оның ерік-жігерлі қасиеттері. Мемлекет басшысының тағдыры, кызметі, қадір-касиеті мен кабілеті мемлекеттің өміріне, оның тарихына әсер етеді. Ұлы билеушілер мемлекеттің де мәртебесін өсіреді, сонымен бірге бұл көбінесе қиыншылықтар мен күйзелістер арқылы болады. «... Князьдар өздеріне көрсетілген кедергілер мен қарсылықтарды жеңе отырып, ұлы адамдарға айналады, - деп жазды Макиавелли,- және сондықтан тағдыр, әсіресе мұрагерліктен гөрі, айтулы есімге ие болуды қажет ететін жаңа Князьды ұлықтау ниетіңде болған кезде, оған дұшпандарын әзірлеп, олармен күресуге, оларды жеңіп шығуға және ол үшін дұшпандары аяғының астына төсеген сатылармен жоғары көтерілуге оны мәжбүр етеді».
Тарихта мысал ретінде Абылай ханның билікті және дипломатиялық қабілетілігі арқасында қазақ елін аман сақтап қалғанын айтуға болады. Оның хан болу алдында өз дұшпандарын құртып, рубасыларды көндірді. Осы жолда ол арқашан адал жолмен жүрмеді. Көшпенділер трилогиясында Шығыстан қытай сарбаздары қазақ ауылдарына қауіп төңдіргенде ол жауға қарсы шығу алдында хан болып сайланғанын жазды. Рубасылар мен билер басына қытай қылышы қауіп төңгенің сезді, оларды тек қол астында батырлар жиналған Абылай құтқара алатынын түсінді, сол үшін олар оны ақ қиізге отырғызды. Қарсы жайғдайда Абылай бірінші жаудың көзің құртып хан сайланғысы келгенде рубасылар өз басына қауіп төңбегендіктен қайтадан билік үшін соғыс басталар еді. Бірақта Абылай хан сайланғанға дейін шығыста қазақ ауылдары жаудың алдында қорғанышсыз қалған еді. Батыр Баян Абылайдың бұйрығын орындамай жауға шапқан еді, өзінің халқына адалдығы үшін қаза тапты.
Макиавеллидің ойынша, патша үшін әманда рақымшылдар қасиетіне ие болу мен барлық жағдайда да осы қасиеттерді қатаң ұстау кауіпті болады, бірақ рақымшылдар касиеттеріне ие болу өте-мөте пайдалы болады. Билеуші, Макиавеллидің ойынша, ракымшылдар касиеттеріне ие болуга ұмтылуға тиіс, алайда оларды ұстану әсте де міндетті емес. Адамдардың көз алдында, егер бұлар оның мүдделеріне зиян келтірмесе, ол қайырымды, адамгершіл, діндар, ізгі жүректі, өзінің сөзіне берік және осындай келбетте болуга тиіс. Алайда «мүқтаж болтан жағдайда, осындай қасиет-терінің болмауы, бүл касиеттерін карама-карсы қасиеттеріне өзгерте алуы үшін өзін-өзі соншалыкты билей алуы да жөн,»- деп жазды Макиавелли. Князь "мейлінше қулығын асырушы болуга тиіс".
Екінші бір тұста Макиавелли князь туралы былай деп жазады: «менің жоғарыда атап көрсеткенімдей, желдің ығымен және тағдырдың жазмышымен көрсетілетін бағытты қабылдау үшін, егер бұл мүмкін болса, ізгіліктің жолынан таймау керек, егер де бұл қажет болса, сонымен бірге қаскөйлік жолына да түсе де білу керек». Мемлекет басшысы, Макиавеллидің ойынша, қызметі қарапайым адами өлшемдерге сәйкес келмейтін адам, ал саясат - тек имандылык нормаларырана әрекет ететін сала емес. Макиавелли карым -қатынас жасау мен ұйымдастырудың әр түрлі деңгейлеріндегі - әлеуметтік ортақ және әлеуметтік жеке деңгейдегі әлеуметтік және саяси рөлдердің объективтік принциптерінің, міндеттері мен мақсаттарының айырмашылығын да "байкап көреді".
Имандылық пен саясаттың ара қатьшасы - ойшылдың шығармаларында талқыланған проблемалардын бірі. "Патша" ғаклиясьшда да саясат пен имандылық-тың бірдейлігі жөнінде ой айтылады. Макиавелли "Патшаның" "Князьдар өзінің уәделеріне адалдығын қалайша сақтауга тиіс" деп аталатын XVIII тарауында айтқан болатын. Олар калайша сөздерінде тұрулары керек? Осы сұраққа жауап кайтара отырып, ол былай деп көрсетті: патшаның сөзіне беріктігі, адалдығы ғанибет қасиет, «алайда біздің заманымыздың тәжірибесі, - деп жазды Макиавелли, - мынаны көрсетті: ұлы істерді уәделеріне сенімі аз деп есептелген, адамдарды қулығымен алдарқаткан, сөйтіп сайып келгенде, парасатты деп ойлаған адамдардан асып түскен Князьдар жасады». Макиавелли патшаларды өздерінің берген сөзінде түруына өстеде шарттар мен уәделері емес, күш пен кажеттіліктері мәжбүр етеді деп таныды. «... Барлық жағдайда да бір ғана ізгілікті іске бейіл болатын адам соншалыкты кесірлі адамдардың арасында кайткенде де мерт болар еді» - деп атап көрсетті ол.
Макиавелли дұшпандармен күресудің екі тәсіліне: заңмен және күш қолдану аркылы күресуге кеңес береді. Бірінші тәсілді ол табиғатынан заңды басшылыққа алуга икемді адамға тән деп есептейді. Бірақ патша - бұл ерекше адам. Ерекше дхармадан (өмір заңынан) бастау алатын көне үнді аңыз-ертегісіндегідей, мемлекет басшылары өздерінің қарапайым бодандарынан өзгеше болады, Макиавелли қоғамның тұрмысьш ұйымдастыратын және ол үшін жауапты болатын мемлекет басшыларының ерекше қүқықтарын, мәртебесін таниды.
Макиавеллидің ойынша, патша аңға тән болатын екінші тәсілді - заңдарды шығару жеткіліксіз болған кезде, күш қолдану мен мәжбүрлеу шараларын пайдалана алады. Осыдан келіп, ұлы флоренциялық билеуші өзінің бойына табиғат пен адамның, сондай-ақ аңның қасиеттерін дарыта алуга тиіс деп кеңес береді.
Сондықтан парасатты билеуші, егер мұндай сақтау қасиеті өзіне карсы жұмсалатын болса, егер де уәде беруге оны итермелеген себептер болмаса, өзінің уәдесіне адалдығын сақтай алмайды. Егер де адамдардың барлығы да жақсы болса, онда мұндай нұсқау жақсы болмас еді, сонымен бірге олар жаман болып саналғандыктан және саған қатысты өздерінің уәделерін сактамайтын болса, онда сен де оларға қатысты өзіннің уәделеріңді сақтамауға тиістісің. Сөйтіп Князьдың өзінің уәдесін сақтамауын бүркемелеу үшін заңдык себептерінде кемшілік болмайды.
Дұрыс шешімдер қабылдау үшін Князь үшін кеңесшілерді таңдап алудың зор маңызы бар. «Билептөстеуші мен оның қабілеттері туралы,- деп атап көрсетті Макиавелли, өз төңірегіндегі адамдарды таңдап алуына карай бағалайды». Ақылды, міндетіне адал әрі өз орнында отырған кеңесшілер - ойдағыдай және тиімді баскару шарттарының бірі. Олардың өз мүдделерінен гөрі мемлекет басшысының - Князьдың мүдделерін жоғары қоюы маңызды касиет. Бұл үшін билеуші Князьсыз қалудан әманда қауіптеніп, олай болмаса өздеріне жақсы болмайтынын сезіну үшін рухани марқайтуы, сый-құрметке және дұшпандарына сын тұрғысынан қарау арқылы оларды өздеріне тартуы тиіс. Сонымен бірге билеуші екі жүзділерден құтылуы керек. Макиавеллидің ойынша, Князьға бәріне де шындықты айтуға рүқсат етпегені жөн. «...Бекзат Князь өзінің мемлекетінде ақылман адамдарды таңдап алып, басқа қандай да бір ретте емес, тек өзінің сұрақтарына ғана жауап қайтару ретінде тек соларға ғана шындыкты айтуға рұқсат етіп, үшінші жолды үстауға тиіс».
Ойшыл мынаны атап көрсетті: саясаткер үшін қоғамдық пікірге әсер ете және оларды басқара білу, тіпті қажет болған ретте күштеп сендіруге мәжбүрлеп көндіру маңызды болады. Соған қарамастан, ол халықтық немесе қоғамдық пікірге де қүлақ асқан жөн деп есептеді. Халың қалай дегенмен де бөрінен де парасатты және әр түрлі тарихи жағдайларда тұракты болады. Макиавелли былай дейді: «халықтың көзі – Құдайдың көзі деп еш себепсіз айтылмаған: шынында да, қоғамдық пікірдің жиі ретте айна-катесіз келуінің өзі таң каларлық болатыны соншалық, ол бейне жоғарыдан ізгілік пен жамандықты алдын ала көре білу дарынына ие болғандай әсер қалдырады...». Жалпы пайдалысы да, тек республикада ғана сақталады, деді ол, ал монархияда керісінше болады, монархтың іс-әрекеті кебінде оның жеке басының пайдасына бағытталған және қоғамның мүдделерімен әманда сәйкес келе бермейді.

МАКИАВЕЛЛИЗМ
Саясат саласы туралы Макиавеллидің ой-пікірлерінде бірқатар жәйттарды айырып айткан жөн: байқаушы және зерттеуші ретінде оның саясат теориясы мен практикасын зерделеуінен және білімінен шығаратын қорытындыларын, саяси кайраткердің кеңесшісі ретіндегі, тәжірибелі саясаткер ретіндегі оның ұсынымдарын, оның жеке басының сүйкімділігін, максат-мұраттарын, саясат саласындағы кайсыбір заңдылықтар мен фактілерге көзкарасын бөліп айтуға болады. Макиавеллиден кейін тарихта "макиавеллшшлдік" термині орныкты, оның мәні мақсат құралды анықтайды деген үғымды танитын саясатты білдіреді. Алайда бүл макиавеллиішлдікті және Макиавеллидің өзінің сенімін, әсте де, теңестіруге бола қоймас. Саясат пен заңнаманың кайсыбір мәселелерін айта отырып, объективті байқаушы ретінде, саясат тарихьш сипаттай отырып, ол бірде былай деген еді: оның саясат саласындағы қорытындылары - бұл оның субъективті ниеті мен мұраттары емес, керісінше объективтік шындықтың белгілерін айқындау. Ол өзінің мұраттары мен нақты саяси тәжірибені теңестіруді атап көрсетпейді. Макиавелли былай деп ойлайды: оның саясатты ұғынуы - дәл де объективті, саяси тәжірибеге барабар ұғыну. Ол мемлекет қайраткерлеріне кеңес берген кезде, оларға саясат заңдарымен жүруді ұсынды. Сонымен бірге басқаларға өзін-өзі сақтау мен билікті ұстап тұру заңдарына бағынатын күмәншіл да сезікті билеушілердің заңға қарсы кадамдар жасауын да ескертті.
Енді бұл арада біз макиавеллизм деген ұғымнан Н.Макиавеллидің шынайы көзқарастарын бөліп алып қарауымыз керек. Макиавелизм ұғымы бүгінгі танда саясаттың арсыз, барып тұрған опасыздық түрін көрсетеді. Саясат құбылысында кездесетін екіжүзділік, алдап-арбау, қорқыту, күш жүмсау, айдап салу, сатып кету т.с.с. бәрін макиавеллизм дейді. Яғни саясаттың толық моральдық шеңберден шығып кетуін, оның талаптарын аяққа басуды біз Н.Макиавеллидің атымен айтамыз.
Н.Макиавеллидің ойынша, мемлекет пен саясаттың қоғамдағы негізгі қызметі әртүрлі таптардың, әлеуметтік топтардың басын біріктіріп, бүкіл ұлттық келісімнің шеңберінен шығармау, қоғамды ыдыратып жібермеу, орталық билікті мықты қолда ұстау болды. Ал саясаттың моральдық сипатьша келер болсақ, «мүмкіндігінше ізгіліктен алыстамау керек, ал керектік қылса зұлымдықтан қашпау қажет» деген пікір айтқан болатын. Бірақ саясатты толығынан моральдық шеңберде ұстау мүмкін емес. Н.Макиавелли: «Тек қана өзінің ар-ұжданының талабына сәйкес іс-әрекет жасайтын саяси қайраткер өзіне мола қазады», - деген пікір айтады. Оған себеп - қоғам өміріндегі кейбір жағдайда қалыптасатын «ащы шындықтың ақиқаты». Оны шешу үшін мемлекет басшысы зорлық-зомбылыққа шейін баруы мүмкін. Осындай жағдай қалыптасқанда, ол «қаталдықпен көп әуестенбеу керек, қажет болған жағдайда оны тез арада қолданып, өзіне қарсылардың быт-шытын шығаруы керек».
Халық мемлекеттік билікке, бір жағынан, қорқынышпен, екінші жағынан, сүйіспеншілікпен қарайды. Бірақ таңдауға келген жағдайда, халықты қорқынышта ұстау - сенімдірек. Саясаткер бір жағынан батыл, екінші жағынан, абай болуы керек. Бірақ шешуші жағдайда батылдық қажет. Ел басшысы, бір жағынан, арыстанға, екінші жағынан, түлкіге ұқсас болуы қажет.
Қоғамдағы қайшылық өршіп, адамдардың өкіметке деген сенімі жойылған жағдайда күш қолданбай болмайды. Бірақ қалай дегенде де, жеңіс әрқашанда саясаткердің негізгі мақсатына айналуы керек, ал оған жететін құралдар әртұрлі болуы мүмкін. Сол жолда зорлық-зомбылық жасалса, ол қоғамдағы жағдайды дұрыстауға, тәртіпті орнына келтіруге ғана жұмсалып, токталуы керек. Екінші рет зомбылықты қолданудан алшақ болу керек, — деген пікір айтады ұлы ойшыл.
  
3 ҚОРЫТЫНДЫ
Макиавелли саясатының негізгі қағидаларын сипаттай келіп, төртбасты жәйтті бөліп көрсетуге болады:
Макиавелли коғам туралы бұрын болып көрмеген түсінікті негізге алады; ол үшін әлеуметтік-қоғамдық өмір — бұл уакытқа қарай өзгеріп отыратын мүдде шамасы бойынша (жекеше — жеке-дара немесе топтық) бағдарланатын бостандықтағы еркін индивидтердің өзара іс-әрекеттерінің болашақтағы кеңістігі. Бұл жағдайдағы жаңалық мынада болып табылады: әңгіме енді тілдің, ақыл-ойдың, қауіпсіздік пен игіліктің (орта ғасырдың көнелігінен ауысқан түсініктердің) бірлігімен байланысты дәстүрлі, табиғи ортактығы туралы болмайды, жеке мүдденің уақытка қарай тұракты өзгеретін ұғымын бастапқы, "табиғи" ортақ игіліктің дәстүрлі түсінігі ауыстырады.
Саясат бұл жағдайда билік қызметтерін қолында ұстаушылардың уакыт жағынан өзгеруінен оза отырып қадағалау мен осы өзгерістерді шешімдер қабылдаған кезде ескеру кабілетіне негізделген өнердің ерекше түрі ретінде көрінеді.
Саясат катынастар мен іс-әрекеттер саласы ретінде ұғынылады, ол үшін мүдделердің күрделі өзара (көбінесе ымырасыз-дұшпандык) әрекет сипатты болады; ал негізгі көздейтін мүддесі — билікті алу, сақтау, оның ресурстарын молайту, билік мақсаттарына қол жеткізудің басты қүралы — күш колдану.
Қалған баска мүдделері (демек, сондай-ақ әрекеттер жасау, одақтар мен қатынастар) — осы басты мақсаттан шығатын міндеттер. Макиавеллидің ойынша, саясат билікті иеленуші мінезқұлқының уақытка карай осы мүдделердің өзгерістеріне қызметтік тәуелсіздігінің саласы болып табылады"
М. А. Бакунин былай деп жазды: саясат атаулының сөзсіз қасиеті екіжүзділікті Макиавелли ойлап тапқан жоқ. Ол осы екіжүзділікті тек жасанды түрде емес, кайта оны бүтіндей табиғи мәселе қисынының өзіне тән жүйесінде көрсетіп, ретке салып жинақтады, бұл жүйе оның ілімінің мәніне айналды. Ол осынысымен табиғи тарихты ұсынды, өзінің көз алдына елестеткен коғамның физиологиялық сипаттамасын жасады және онын негізгі принциптерін жасап шығарды. Италияның өткендегі және бүгінгі тарихи койнауынан ол өзіне дейінгі және одан кейін басқа адамға қарағанда саясаттың мәңгі зандарын жақсы ала білді". Бакунин Макиавеллидің ілімінен жеке адамның бостандығын жоятын және адами имандылықты теріске шығаратын қылмысты мемлекеттік билікті бассыздықпен жоққа шығаруы негізділігін белгілі бір дәлелдеуінен көрді.
Н. Макиавелли саясатты құдайшылық түсіндіруден арылтып, саяси ойды қоғамдағы табиғи өмірден туған мәселелерді шешуге бейімдейді. Саясатта қолданатын амал-әдістерің өз атымен атап, олардың астында тыйылған мақсаттар мен көздеген мүдделерін анық көрсеткені үшін маған оң әсерлер қалдырды. Биліктегі адамдардың мемлекетті билеу үшін қандай қасиеттерге ие болуын, қандай іс-әрекеттер орындау керектігін жүйелі турде қарастырды. Саясаттың моральдық және іскерлік жақтарын көрсетті. Саясатта адам құндылықтарын ұтымды пайдалану арқасында билікті ұстап, пайда табуды түсіндірген. Халықты басқару кезінде елдің мүддесімен белгілі бір дәрежеде санасып, оларды қатал билікте ұстаудың қулықтарын жазған. Саясатта адамгершілікті тез жоғалту керек, билік пен байлықты ұстап қалу үшін адамның теріс қасиеттерінің болуын қажет етеді және олар міндетті түрде болуы қажет. Үлкен мақсаттарға жету үшін жолдағы кездестірген барлық кедергілерді кез келген тәсілмен жеңу керек, ең бастысы өз мүдделерін сақтап қалу. Макиавелли берген кеңестердің барлығын қолданып үлкен шыңдар мен мәнсапқа жетуге болады, оның тәжрибесі күні бүгінге де практикалық қолданысын тауып жатыр. Саясаттың толық моральдық шеңберден шығып кетуі, оның талаптарын аяққа басуды заңдылық ретіңде қарастырамын. Адам әрқашан өзімшіл болады және негізгі мақсаты: билік, байлық және мәртебе. Макиавеллидің көзқарастарын қаншалықты дұрыс және қолданыс үшін пайдалы деп қарастырсам да, тек қана өзімнің ар-ұжданымның талабына сәйкес іс-әрекет жасауға тырысамын, тек саясаткерлердің түпкі мақсаттары мен көрінбейтін ойларын анықтап, түсіну үшін пайдаланамын.
 
4 Пайдаланған әдебиеттер
А.С. Кабылова, З.А. Абдуллина. Саясаттану. Барлық мамандықтар бойынша оқитын студенттер үшін семестрлік жұмысқа арналған әдістемелік нұсқаулар.-Алматы: АЭжБИ, 2008.-70б
Мырзалы Серік. Философия. – Алматы: «Бастау», 2008. -644 б.
С.Ф. Ударцев. Николо Макиавелли. Патша(Il Principe) Алматы. Жеті жарғы.
http://mukhanov.ucoz.kz/

Источник: http://БВТк-08-2_Семестрлік_жумыс_Саясаттану

Категория: Личные статьи | Добавил: Нуржан (14.04.2011)
Просмотров: 8830 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 3.0/2
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Поиск

Copyright MyCorp © 2024
Конструктор сайтов - uCoz